A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытты шақ – балалық шақ

Бақытты шақ – балалық шақ

1 маусым – балаларды қорғау күні Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты № 32 кітапхана бөлімшесінде № 159 гимназияның жазғы лагеріндегі балаларға арнап «Балалық шақ – бақытты шақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Кітапхананың рөлі мен жұмысының маңыздылығын терең түсінетін Медеу әкімшілігі Мәдениет бөлімінің бастығы Аралбаев Сәкен Жаппарұлы осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мол септігін тигізіп, әкімшілік атынан балаларға «бақытты балалық шақтың дәмі» деп балмұздақ сыйлады.

Кітапхана меңгерушісі Айша Баймаханбетқызы балаларды мерекесімен құттықтап, 1950 жылдан бастап маусымның 1-і Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып аталып өтетінің әңгімелеп, осы мерекенің маңызы жайлы айтты.

Қоғамдық маңызы бар іс-шараларды үнемі кітапханамен бірлесіп өткізетін № 159 гимназияның бастауыш сынып ұстазы Құсайынова Жанар Бейімбетқызы кітапхана ұжымына балаларға мереке ұйымдастырғаны үшін шексіз алғыс білдірді.

Гимназияның жазғы демалыс лагеріне қатысушы бастауыш мектеп оқушыларының арасынан белсенділік танытқан Ғайса Наиля, Ғайса Нұрасыл, Сұлтанғалиева Тоғжан, Муфтулла Ерасыл, Муфтулла Әлинұр, Ергөбек Едіге, Алтаева Сабиналар асфальтқа сурет салу сайысына қатысып, суреттерін мазмұндады, ән-тақпақтар айтып, өнерлерін тарту етті.

Кітапханашы Маймыш Қуаныш балаларға «Әлемдегі балалар – бақытты балалар» кітап көрмесімен таныстырды. Аубакирова Алтын балалармен тәрбиелік маңызы бар әңгіме жүргізіп, білімге құштарлық танытуға, кітапханаға келіп кітап оқуға шақырып, балаларға ең жақсы сыйлық – кітаптарды сыйға тартты.

Кітапхананаға бас демеуші болған «Hot Dogs Corner» компаниясының қожайыны Нуржанова Аида Бауыржанқызының қолдауымен компанияның басқарушы директоры Дудков Виталий балаларды мерекесімен құттықтап, оларға ықылас танытып, өз өнімі хот-дог және сусындарын ұсынып, балаларды ерекше қуанышқа бөледі. Меңгеруші бас демеушіге осындай аса игілікті істері үшін шексіз алғысын айтты. Бұдан әрі қарай да осындай игі адамдар кітапхана жанынан табылып жатса екен деп тілек білдірді.

Басқа да демеушілер шетте қалмады: «Ракса» дүкені (иелері Хасанов А. және Хасанова Ф.), «Кореана» корей тауарлары дүкені (директоры Сонг Дже Хо) және «Хачапури Хинкальевич» кафесі балаларға шын ықыласымен сый-сияпаттарын тарту етті. Медеу әкімшілігі мен демеушілер арқасында балалар мерекесі өз тақырыбына сай жоғары деңгейде өтті. Балалардың шаттығы мен бақыт сезімі мерекенің көркін ашты.

01.06.2018