A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Дельфинчик» балабақшасы ашылды

«Дельфинчик»  балабақшасы ашылды

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің Болашаққа бағдар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2018 жылдың 27 сәуіріндеШахтинская көшесі, 12 үйде орналасқан«Дельфинчик» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 45 орын, инвестиция салымы 15 млн. теңге, жаңа құрылған жұмыс орыны- 10.

Балабақшаның ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің аппаратының өкілдері, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - Медеу ауданының аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.

Қазіргі уақытта ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 2-ден 7 жасқа дейінгі 49 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 15 шағын орталықтар соның ішінде 6 896 бала тәрбие алып жатыр.

         Есеп бойынша «Дельфинчик» балабақшасы 45 балаға есептелген ашылған 6-шы балабақша. Аталған бақша аралас қазақ тілі мен орыс тілдерінде білім береді. Қосымша ағылшын тілінен балаларға дәріс беріледі.

         2018 жылдың аяғына дейін жеке инвесторлар есебінен тағы 14 балабақша ашу жоспарланып отыр.

27.04.2018