2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Азаматтардың еңбек құқығын қорғау» жобасын жүзеге асыру аясында ашық есік күні

«Азаматтардың еңбек құқығын қорғау» жобасын жүзеге асыру аясында ашық есік күні

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және еңбек заңнамасының нормаларын сақтау аясында «Азаматтардың еңбек құқығын қорғау» Жобасын жүзеге асыруда.

         Сараптама нәтижесі бойынша, бүгінгі күні Алматы қаласында мыңдаған адамдар еңбек келісім-шартынсыз әртүрлі қызметтер көрсетіп отыр. Осыған байланысты осы жалдамалы азаматтардың конституциялық және еңбек құқығы сақталмай және азаматтар әлеуметтік қорғалмай қалып отыр.

         Нәтижесінде еңбек келісім-шарты болмағандықтан еңбек ақысы бойынша қарыздар мәселелерінде әлеуметтік жағдайлар туындайды, сондықтан азаматтар өкілетті органдар мен сот жүйелеріне жүгінеді.

Сондықтан да, Медеу ауданы прокуратурасы Медеу аудандық «Нұр Отан» филиалымен, Медеу ауданы әкім аппараты және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе, аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында еңбек заңнамасының бұзылуы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауға байланысты ашық есік күні ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, осы мәселелер бойынша да аудандық прокуратурада да мәслихат депутаттарының, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының, өкілетті және атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен еңбек заңын сақтай отырып, жұмысшы мен жұмыс берушіге ұсыным беретін және қаралған жауапкершілікті түсіндіретін кеңес болып өткен болатын.

         «Ескертілген – демек қорғалған» атты электрондық буклеттер мен бейнеролик түріндегі ұсынымдар Медеу ауданы әкім аппаратының сайтында жарияланған.  




04.11.2016