A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күніне орай «Ашық есік күні»

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күніне орай «Ашық есік күні»

   2017 жылы 28 қарашада №2 қалалық емханасы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалымен және «Үміт» клубы мүшелерімен бірлесе «Жастар Отанға!» жобасы аясында 18 жас пен 30 жас аралығындағы тұрғындарды профилактикалық тексеру бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.

Шараның ашылуы «Болашаққа – Елбасымен бірге!»      флешмобымен басталды. Шараға «Үміт» клубының мүшелері, №2 емхананың жас қызметкерлері қатысты. Бас дәрігер  Т.Еспергенова  «Ашық есік күнін» ашылуымен құттықтады, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының төраға орынбасары М.Мұқанова, «Үміт» қарттар клубының төрағасы Қ.Бекжігітов, «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі Ұ.Исабек құттықтау сөз сөйледі, ал «Думан» филиалының меңгерушісі Р.Құнанбаева мен процедура кабинетінің мейірбикесі К.Нүсіпақынова Елбасына арнап «Арнау» оқыды.

   Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шақырусыз дәрігердің қарауына келіп тұратын, өз денсаулықтары мен балаларының денсаулықтарына мұқият қарайтын үш жас отбасы шараға шақырылған болатын. «Нұр Отан» аудандық партиясының, «Үміт» клубы және №2 қалалық емханасының атынан бұл жас отбасыларына гүл шоқтары табысталды.

Емхана дәрігерлері С.А.Асфендияров атындағы ҚҒМУ кафедрасының мамандарын тарта отырып, 18-бен 30 жас аралығындағы тұрғындарды тексерді.

28.11.2017