A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданындағы қала күні



Қала күнін мерекелеу аясында Медеу ауданында бірнеше іс-шаралар өтті.
Қала күніне орай Оқушылар сарайының алдындағы алаңда Медеу ауданы  әкімінің аппараты Мемлекеттік қуыршақ театрымен   Оқушылар сарайымен бірлесіп, қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан» шоу концертін өткізді.
Қойылым авторы және режиссерлері: С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова
«Қуыршақ думан» қойылымы концерттік бағдарламадан тұрды. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынды және көрермендер мың бұралып билеген қыздардың шығыс билерін де тамашалады.
Сондай-ақ, сахнада Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздар бой көрсетті. Әсерлі ән де, мың бұралған би де көрермендер назарына ұсынылды. Тамаша қуыршақтарды Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері, халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің танымал майталмандары ойнатты.


28 гвардиялық панфиловшылар саябағында ашық аспан астындағы үлкен фитнес жаттығу өтті.

Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар мен концерттер Думан, Алатау, Көлсай, Каменское Плато ықшам аудандарында ұйымдастырылды.



16.09.2019