A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

"Хан-Төре" жекеменшік балабақшаcының салтанатты ашылуы

"Хан-Төре" жекеменшік балабақшаcының салтанатты ашылуы

    2017 жылы 23 тамызда Қыз Жібек көшесі, 141 мекен-жайында заман талаптарына сəйкес жабдықталған 30 орындық, инвестиция сомасы 10 млн. теңге болатын, 12 жаңа жұмыс орнынан тұратын "Хан-Төре" жекеменшік балабақшаcының салтанатты ашылуы болып өтті.

    Салтанатты жиынға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, әкім орынбасары Ғ.Майлыбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова және қонақтар мен ата-аналар қатысты.

«Хан-Төре» балабақшасының бір ерекшелігі мұнда алты күндік жұмыс күні мен түңгі кезек жұмыс істейді. Сонымен қатар, балаларды үйге тарату қызметі де қарастырылған.

       Бүгінгі күні Медеу ауданында 2 жас пен 7 жас аралығындағы балаларға арналған 18 мемлекеттік, 50 жекеменшік балабақша жұмыс жасап отыр. Ауданда 3 жас пен 6 жасқа дейінгі 2 157 балаға орын тапшылығы білінуде. Осыған байланысты, ауданда мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын болдырмау мақсатында ағымдағы жылы инвесторлар есебінен жекеменшік 15 балабақшаның ашылуы жоспарланып отыр. Балабақшаларда балалар кезегінің 574 орынға дейін төмендету мүмкіндігін береді.




23.08.2017