A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара

«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл толып отыр.

2017 жылдың 14 желтоқсанында Оқушылар сарайының үлкен концерт залында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, қызмет құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері, ел экономикасына еңбек сіңірген аудан зиялылары мен тұрғындар шақырылды.

Іс-шара барысында Медеу ауданының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Медеу ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Іс-шарада қатысушыларға Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

      Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл қазақ елін мекендейтін халық үшін ұлы мереке. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, 25 жыл ішінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүниежүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып отыр. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық мемлекетімізді қоғамдық келісім орныққан, тұрақты дамудағы мемлекет ретінде танып отыр.


14.12.2017