A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Конституция күні» мерекелік шарасы

«Конституция күні» мерекелік шарасы

         30 тамыз ҚР Конституциясы күні. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.

         Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Ал Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

         2017 жылдың 29 тамызында Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайы алаңында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция күні» атты мерекелік шара болып өтті.

Іс-шараға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

   Шара барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев жиналған қауымды ҚР Конституция күнімен құттықтап, бейбітшілік пен ел амандығын тіледі.

    Шара соңы ҚР эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен ойындар мен қолөнер өнімдерінен көрме ұйымдастырылды.


29.08.2017