A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарттар күніне және Мейірбикелік күтім ауруханасының 25 жылдығына арналған іс – шара

Қарттар күніне және Мейірбикелік күтім ауруханасының 25 жылдығына арналған іс – шара

     Ағымдағы жылдың 3 қазаны күні Қарттар күніне және Мейірбикелік күтім ауруханасының (МКА) 25 – жылдығына арналған іс – шара өткізілді. Іс шараға қалалық денсаулық сақтау саласының және МКА-ның құрылуына өз үлестерін қосқан денсаулық сақтау саласының құрметті азаматтары қатысты.

     Жыл сайын бұл жерде 1500-ден астам сырқат адам стационарды түрде емделеді, оның 90 пайызын қарт адамдар құрайды.

    Алматы қалалық Медицаналық колледжінің мейірбикелік күтім ауруханасында ем қабылдап жатқан 100-ге жуық қарттарды, жедел жәрдем ауруханасының орталық қалалық клиникалық ауруханасының және қалалық ревматология орталығының білікті дәрігерлері тексеруден өткізіп, кеңес берді. Қариялар «Қарттар күнінің» құрметіне невропотолог, хирург, уролог, терапевт және травматолог дәрігерлерден кеңес алды.

   МКА басшыларының айтуынша, ауруханадағы қариялар, мамандардың тексеруінен жыл сайын өтеді. Клиника 100 емделушіге арналған. Бүгін оларды жедел жәрдем ауруханасының, орталық қалалық клиникалық ауруханасының және қалалық ревматология орталығының білікті дәрігерлері қарап, тексерді. Пациенттердің арасында медициналық көмекті кәсіби тұрғыдан бағалай алатын да адамдар болды. Мысалы, Хитрова Римма Николаевнаның өзі медицина қызметінде жұмыс істеген. Ол бүгінде 86 жаста.

            «Мен осындай акциялардың өтетініне қуаныштымын. Осындай квалификациялық тексерулер мен кеңестердің жиі өтіп тұрғанын қалаймыз» - деді емделуші. Тексеруден өтіп болған әрбір емделуші ары қарай емделу үшін керекті нұсқауларын алды. Оның сыртында мерекенің құрметіне қариялар іс-шараны ұйымдастырушылардан сыйлық алды. Ал Алматы қалалық Медицаналық колледжінің студенттері мерекелік концерт көрсетті, сондай-ақ ардагерлер хоры өз өнерлерімен көңілі жабырқау қарттарды қуантты.

03.10.2017