A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

     2017 жылы 24 тамызда Медеу ауданында аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен Орталық базар аумағында (Мақатаев көшесі мен Зенков көшелері қиылысында) тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Шараның мақсаты – еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мемлекеттік жүйесін этап бойынша енгізу туралы халықты ақпараттандыру және сақтандырудың негізгі міндеттерін түсіндіру.

         Іс-шара барысында МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 50 спикер тартылды және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбуевамен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 2000 адамды қамтыды.

       Бүгінгі күні Медеу ауданы бойынша ірі және орта ұйымдарда, қоғамдық орындарда халықпен 70 кездесу өткізіліп, 13 000-ға жуық адам қамтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараты бар 15 000-нан аса парақшалар мен буклеттер таратылды.

      Осы бағыттағы жұмыстар ауданда белсенді түрде жалғасатын болады.

24.08.2017