A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім күніне арналған салтанатты жиын

Білім күніне арналған салтанатты жиын

2017 жылы 2 қыркүйекте М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев, әкім орынбасары Ғани Майлыбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақайша Сапарова, «Қала көркейту» ЖШС директорының орынбасары О.Тойшыбеков, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.

Осы шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қала көркейту» ЖШС демеушілігімен және Медеу ауданы әкім аппаратының қолдауымен салынған мектеп жанындағы спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.

Жиында мектептегі ата-аналар қоғамының өкілдері шын жүректен алғыстарын білдірді. Шара соңы оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.





04.09.2017