A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Жаза кесілгендер еңбегі – қоғам игілігі» атты акция аясында 28-гвардиялық-панфиловшылар саябағында сенбілік өткізілді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жаза кесілгендер еңбегі – қоғам игілігі» атты акция аясында 28-гвардиялық-панфиловшылар саябағында сенбілік өткізілді


    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 шілдесінде қабылданған қылмыстық кодексінің 44 бабына сәйкес, тұрақты жұмыс орны және оқуда жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады.

   Осыған орай, 2017 жылы 4 наурызда Медеу ауданының пробация қызметі, Медеу  ауданының прокуратурасы және Медеу ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Жаза кесілгендер еңбегі – қоғам игілігі» атты акция аясында 28-гвардиялық-панфиловшылар саябағында сенбілік өткізілді. Аталған шараға Медеу ауданы Ішкі істер басқармасында есепте тұратын 11 адам мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, саябақ аумағында жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдар қардан тазартылып, 20 метр текше куб қар шығарылды.

    Сенбілік соңында бас бостандығынан шектеуге сотталған азаматтармен  пікірлесу барысында олардың мәжбүрлі еңбек пен ерікті түрде жасалған еңбектің айырмашылығы бар екенін және жасаған қылмыстарына өкінетіндерін жеткізді. 

04.03.2017