A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытты отбасы

Бақытты отбасы

         Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Отбасы күні» мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланады. Оның мақсаты – жанұялық құндылықты нығайту.

         Осыған орай, 2018 жылдың 9 мен 11 қыркүйек айы аралықтарында Алматы қаласында «Бақытты отбасы» тақырыбында әртүрлі ұйымдар мен оқу орындарында іс-шаралар өткізілді. Осы өткізілген іс-шара барысында Медеу ауданы әкімшілігімен, «Родник» әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімделу Орталығымен және полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп «Алма» сауда орталығында, «Орталық базарда» жұмыс жасайтын қызметкерлерге, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Құлдыққа қарсымыз», ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңы бойынша буклеттер таратылды.

         Іс-шара соңында Медеу ауданы АХАЖ бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, отбасын құрып жатқан жанұяларды «Отбасы күнімен» құттықтап, естелікке сувенирлер табысталды.

12.09.2018