A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQ QÓRPE акциясы басталады!

«ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQ QÓRPE акциясы басталады!

2018 жылы 22 наурыз «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Наурыз мерекесі қарсаңында «Арбат» алаңында «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQ QÓRPE акциясы басталады!

Наурыз мейрамы 5000 жылдан астам уақыт бойы 21 наурызда көктемгі күн мен түннің теңескен күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Наурыз мерекесіне арналған белгі - қазақтар үшін жұлдызды аспанды бейнелейтін Құрақ көрпе болған.

Мақсаты: Рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы. Ұлттың санасы оның дәстүрінде. Ерекшелігінде. Құрақ көрпе – қазаққа тән дүние. Ата-бабамыздан жеткен дәстүр жалғастығын қолдау. Қазақ халқының дәстүрін насихаттау. Рухани жаңғырудағы халқымыздың ұлттық өнерінің хас үлгісі саналған – қөлөнерді қастерлеу мақсатында қолға алынған шара. Құрақ көрпенің маңыздылығын жеткізу әрі алты алаштың ұлық мерекесі Наурыз қарсаңында жиналған қауыммен бірге ұлттық кодымыздың жаңғыруына үлес қосу. Жастарға қолөнердің маңыздылығын іс жүзінде көрсету арқылы көнеріп бара жатқан өнерімізді дәріптеу.

Біздің мақсатымыз – 25,5 шаршы метр «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQQÓRPE жасау және Гиннес рекордтар кітабына ену!

Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесі күні, яғни, 22 наурызда басталатын «ҚҰРАҚ КӨРПЕ» #QURAQQÓRPE акциясы Алматы күніне орай аяқталады деп күтілуде!

Акция шеңберінде Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі тақырыптық алаңдарды ұйымдастырады: шеберлік сағаттары, үйірмелердің драмалық қойылымдары, поэзиялық жарыстар, интерактивті ойындар, флеш-моб, суреттер көрмесі, домбыра-пати кеші, кітап көрмесі - «Дәстүр.Руханият. Жаңғыру» және мың кітаптан «Қазақ үй» КІТАП-ИНСТАЛЯЦИЯСЫН, сондай-ақ келушілер мен қала тұрғындары ұлттық ойындарға, викториналар мен әдет-ғұрыптар көрсетіліміне қатыса алады.

Байланыс тел.: 2793315


20.03.2018