A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімі «Бибі Ана» қоғамының төрайымы Бибігүл Иманғазинамен кездесті

Аудан әкімі «Бибі Ана» қоғамының төрайымы Бибігүл Иманғазинамен кездесті

2019 жылы 15 сәуірде Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Республикалық «Бибі Ана» қоғамының төрайымы Бибігүл Қабиқызы Иманғазинамен кездесті.

Кездесу барысында биылғы жылы 17 сәуірде «Қазақстан» қонақ үйінде өтетін Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» атты романының тұсаукесерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Баршамызға Бибі Ана атанып кеткен Бибігүл Иманғазинаның рухы биік, парасатты жазушы екені белгілі. 25 жылда мыңдаған отбасыға қол ұшын созып, мүмкіндігі шектеулі аналардың балалары жоғары білім алуына, жұмысқа орналасуына көмек көрсеткен анаға мың да бір алғыс. Қоғамдағы аналардың рөлін, олардың мәртебесі мен беделін көтеріп, жанашырлық танытытып жүрген осындай тұлғаларға әрқашан құрмет көрсетейік.

16.04.2019