A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімі халық алдында есеп берді

Аудан әкімі халық алдында есеп берді

    2018 жылы 23 қаңтарда Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісованың қатысуымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аудан тұрғындарымен кезекті есептік кездесуін өткізді. 

    Бұл шараға қалалық Мәслихат депутаттары, аудандық қызметтер, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер қоғамы мен тұрғындар қатысты.


    Ержан Жылқыбаев ауданның өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айта келіп, 2018 жылдың жоспарына да тоқталды.     Сондай-ақ өткен реформаларды жүзеге асыру мақсатындағы міндеттер мен негізгі бағыттар туралы және Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға да тоқталып өтті.

     Кездесу барысында шараға қатысушылар толғантқан әртүрлі ұсыныс пікірлерімен, аулалардағы автотұрақ, жаяу жүргіншілер жолы, ПИК қызметі жөніндегі мәселелерін ортаға салды.


     Шара барысында аудан басшысы тұрғындар тарапынан түскен сауалдар мен ұсыныстарды қабылдап, олардың дұрыс жолмен шешілуіне өзінің орынбасарларына арнайы тапсырмалар берді. Аудан тұрғындары аудан басшысына атқарылған жұмыстарға алғыстарын білдірді.


23.01.2018