A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы

«Зорлық -  зомбылықсыз   16 күн» акциясы

Алматы қаласында ағымдағы жылдың   25 қараша мен 10 желтоқсан айлары аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізу жоспарланған.                                                                          

       Акцияның негізгі мақсаты - көпшілік халықты   әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының ролін күшейтуге бағытталған   қабылданып жатқан   шаралар туралы   таныстыру болып табылады.

    Акция барысында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің №1 «Болашақ», №2 «Жас орда», №4 «Магистранттар мен докторлар үйі», № 5 «Жалын», №9 «Ақ бота» №10 «Ақ қайың», жатахана студенттерімен тәрбие жұмысын ұйымдастыру –әдістемелік қамтамассыз ету бөлімінің маманы Нұралиева С.К., оқытушылар,   тәлімгерлер және Алматы қаласы Медеу ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Сламджанова Л.М., қатысуымен кездесу өткізілді.

         Кездесу барысында ҚР заңы бойынша зорлық- зомбылықтың түрлері, қорғау нұсқамасы туралы түсіндірді. Сондай -ақ студенттерге қазіргі кезде жастар арасында жиі орын алып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттама беріп, олар үшін жауапкершілікке тарту шаралары жайлы, сонымен қатар қоршаған ортада тазалықты сақтау туралы, қоғамдық орындарда шылым тартуға тыйым салу, ұрлық, қарақшылық әсіресе ұялы телефондарды ұрлау, алаяқтық, жастар арасында нашақорлық індеті туралы ақпараттар айтылды.

    Іс- шара соңында, студенттер өзара сұрақ- жауаппен алмасып, ҚР тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы заңы бойынша жадыннамалалар    таратылып, Алматы қаласындағы Аналар үйі жөнінде ақпараттар берілді.   





28.11.2018