A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданында өткен қайыршылық жасау фактілерін болдырмау жөнінде рейдтік шаралар

Медеу ауданы әкімі аппаратымен бекітіліп және Медеу ауданы ІІБ-мен келісілген Вознесенский собор аумағында қайыршылық жасау фактілерін болдырмау жөнінде бірлескен кесте құрылды.

Жоғарыда көрсетілген кестеге байланысты, Медеу ауданы әкімі аппараты аудандық ІІБ-мен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.

Ағымдағы жылдың 16 мен 31 наурызы аралығында мемлекеттік-құқықтық бөлімі келесідей іс-шаралар атқарды.

Өткізілген рейдтік іс-шараның нәтижесінде қайыршылықпен айналысатын 9 адам анықталды.

Іс-шараның бастапқы мақсаты - халықтың құқықтық білім деңгейін көтеру және қайыршылық фактілерін болдырмау болды.

Қайыршылық фактілерін болдырмау үшін Медеу ауданы Ішкі істер басқармасымен бірлесе 2015 жылдың 12 мен 31 наурыз аралығында Вознесенский собор мен Орталық мешіт аумағында жұмыстар жүргізді.

2015 жылы 16 наурызда өткізілген іс-шара барысында бірнеше қайыршылық жасау фактілері анықталды. Медеу ауданы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторларымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» Кодексінің 449 бабының 1 тармағы бойынша азаматтар жауапгершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұл 5 АЕК көлімінде болып, барлығы жауапкершілікке тартылған күні төленді.

2015 жылдың 21 мен 22 наурызында 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында бөліммен және рейдтік іс-шараларды Медеу ауданы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторларымен бірлесе өткізілді.

Рейдтік іс-шара өткізілу барысында Вознесенский собор аумағында қайыр сұрау фактілері орын алған жоқ, ІІБ қызметкерлері Вознесенский собор қызметкерлерімен түсініктемелік жұмыстар жүргізді.

2015 жылы 27 наурызда Медеу ауданы әкімінің орынбасарының төрағалығымен Вознесенский собор маңында Медеу ауданы ІІБ-сы бастығының орынбасары мен көріктендіру, ішкі саясат, мемелекеттік-құқықтық бөлімдері басшыларының қатысуымен шығу мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бейне бақылау нүктелерін орнату жайындағы сұрақтар қарастырылды.

Мәжіліс аяқталғаннан кейін Орталық мешіт аумағында рейдтік іс-шара өткізілді. Шараны өткізу барысында қайыршылардың көбею фактілері байқалды. Барлық қайыр тілеу фактілері жазып алынып, бейне суреттері тиісті шаралар қолдануға және мекен жайларын анықтау үшін Медеу ауданының ІІБ-на жіберілді.

Осы бағыттағы жұмыс бір жолғы емес екендігін атап өтіп, халықтың құқықтық деңгейін көтеру мақсатында мүлдем төзбеушілікке қатысты мемлекеттік-құқық бөлімімен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексі нормаларын түсіндіру жұмыстары әрі қарай жүргізілетін болады.

Алдынғы уақытта да жоғарыда айтылған іс-шараларға қоғамдық қауымның қатысу мүмкіндігін шет қалдырылмайды.

31.03.2015