A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ұлт тірегі – Елбасы» мерекелік іс-шарасы

Медеу ауданының тұрғындары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мәре-сәре болып атап өтуде.

Елбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар, атаулы күнге арналған түрлі спорттық жарыстар өткізілді.

2015 жылдың 30 қарашасында № 12 гимназияның концерт залында Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің балалары, көпбалалы отбасының балалары, аудан мектептерінің оқу озаттары және ардагерлер мен аудан белсенділері Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен жас өнерпаздардың қатысуымен «Ұлт тірегі - Елбасы» атты меркелік іс-шараны тамашалады.

 Іс-шарада құттықтау сөз сөйлеген Медеу ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж. Досанова мен Ұлттық ойындар клубының өкілі І.Оразбақ жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік концерт соңы «Тұңғыш Президент күніне» орай ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған спорттық жарысқа ұласты.    

Жиналғандар Арқан тарту, Тымақ ұру, Асық ату, Қол күресі, Ләңгі сынды спорт түрлерінен жарысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

30.11.2015