A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері

2015 жылы 2 және 7 ақпан аралығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы ұйым басшыларының халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында2015 жылдың 2 мен 7 ақпан аралығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтетін болады.

Аудан әкімі тұрғындарға Медеу ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы айтып, тұрғындарды ағымдағы жылда ауданның негізгі бағыттармен дамуы жөнінде таныстырады.    

Кездесу барысында көріктендіру, жол жөндеу, үйлерді газдандыру, жарықпен қамтамасыз ету, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтағы модернизациялау бағдарламалары және т.б. мәселелер көтерілетін болады.

Тұрғындар аудан басшысына, қалалық мәслихат депутаттарына, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен Медеу ауданы аппаратының қызметкерлеріне тікелей сұрақтарын қоя алады.

Медеу ауданындағы 5 округте барлығы 6 есеп беру кездесуі өтетін болады.

Кездесу кестесі:

күні

02.02.2015

03.02.2015

04.02.2015

05.02.2015

06.02.2015

07.02.2015

апта күндері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

уақыты

сағ.15.00.

сағ.11.00

сағ.11.00

сағ. 11.00

сағ. 11.00

сағ. 11.00

округтың

30

29

28

31

32

31

Өтетін

орны

№159 ЖМ,

Қабанбай

батыр көш.,

86 үй

№131 МЛ, «Самал-2» ы/а,

22 үй

№30 ЖМ,

Достык даңғылы,

226«а» үй

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

Қалдаяқов көш.,

35 үй

№172 ЖМ,

«Думан» ықшамауданы,

Қарқаралы көш.,

15 үй

№7 ЖМ, Алатау

ықшамауданы

Жетбаев көш., 15 үй

30.01.2015