A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Меморандумға қол қойылды

2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қортындысы бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық соты азаматтық істерді қарарында медиация инстиуттын қолдану бойынша бірінші орын алады, өндіріспен 77 іс аяқталған. Аталған бағытты, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімшілігінің атынан жергілікті атқарушы органда қолдайды және ол жерде азаматтарға медиация жолымен бітімгершілік рәсімдерін қолдануымен дауды реттеу бойынша көмек көрсетуге медиация кабинеті ашылған.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының атынан сот төрағасы Е.Н.Тотыбай-Тегі және Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі арасында  бітімгершілік рәсімдерін кеңейту және медиация институтын дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық Меморандумға қол қойылды. 

Өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының атынан сот төрағасы Е.Н.Тотыбай және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің атынан әкім Е.Ж.Жылқыбаев, әрі қарай «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, өздерінің құзыреттерінің шеңберінде, төмендегілер туралы осы Меморандумға қол қойды:

1 – бап.  Меморандумның мақсаты дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту жәнебелсенді енгізу, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша іс-қимылды нығайту болып табылады.

2 – бап.  Тараптар төмендегінегізгі бағыттар бойынша бірлесіп қызмет етеді:

1) дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын белсенді енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимыл жасау:

- халық арасында даулардысотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- бітімгершілік рәсімдерін қолданудың артықшылықтары туралы халық арасында түсіндіру бойынша мобильді топтар құру;

- отставкадағы судьялардытарта отырып,медиация кабинеттерін ашу;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп,  медиацияның рөлін өзектендіру;

- дауларды шешудің баламалы түрлерінің артықшылықтары, іс-жүзіндегі пайдасы туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет-ресурстарда жариялау;

-туындайтын түйткілді мәселелерді кейіннен реттеу үшін дауларды шешу тәжірибесі туралы мәліметтер мен бітімгершілік рәсімдері институтын дамыту саласында өзара қызығушылық білдіретінбасқа да ақпаратпен алмасу;

- дауларды баламалы түрде шешумен байланысты құқықты қолдану тәжірибесін түсіндіруге бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу;

- нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы арқылы коммуналдық қызмет үшін берешек сомаларын өндіріп алу рәсімін жеңілдету;

- өзге де мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

2) сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану.

- халық арасында талап арыздарын (арыздар),апелляциялық шағымдарды, кассациялық тәртіпте сот актісін қайта қарау туралы талап тілектер, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның аясында қаралатын өтініштерді және Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» /www.sud.kz/ қызметі арқылы электрондық құжат нысанындағы басқа да құжаттардыберу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- сот талқылауына қатысу барысында «Сот кабинеті» қызметінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану туралы әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- жергілікті соттардың Интернет-ресурстары арқылы соттардың қызметі жөнінде анықтамалық ақпарат алу туралыхалық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу (сот құзыреті, аумақтық соттылық, істерді қарау кестесі, мемлекеттік бажды, әкімшілік айыппұлдарды, сот үкімі бойынша айыппұлдарды төлеу деректемелері, бағыт кестесі, арыз үлгілері, соттың байланыс мәліметтері және т.б.);

- өзге де мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

3 – бап.  Тараптар туындаған мәселелерді қарау және бірлескен іс-қимылдар жасау үшін Тараптар өкілеттік берген уәкілетті өкілдері арқылы осы Меморандумныңтармақтарын орындау мәселелері бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.

Осы Меморандумның ережелерін қолдану бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды кеңестер мен келіс сөздер ұйымдастыру жолымен шешеді.

4 –бап.  Осы МеморандумғаТараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке құжаттар түрінде ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

5 бап.  Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Меморандум Алматы қаласында 2016 жылғы 27-ші маусымда мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

27.06.2016