A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан мектептерінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті

2015 жылдың 20, 24 қарашасында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы аудандық білім бөлімімен бірлесе, № 30 мектеп-гимназиясы және № 19 орта білім беру мектебінде ата-аналармен «Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың, ерте жүктілік және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мәселелері бойынша мектеп пен ата-аналар қауымдастығының әрекеттестігі»тақырыбында жалпы жиналыс өткізді.

Жиналысқа ата-аналар, Алматы қаласы ІІД ЮПБ бастығы Л.А.Әліпбаева, «Равных прав, равных возможностей» Қоғамдық қоры институтының төрайымы М.А.Өскембаева, Н.А.Чигрина, №5 ҚКА жасөспірімдер дәрігері О.Д.Колтун, № 5 ҚКА гинекологы, «Родник» қоғамдық қорының директоры Н.Н.Балабаева және мектеп директорлары қатысты.

Іс-шара барысында жоғарыда аталған мекеме өкілдері ата-аналарға күн тәртібінде бекітілген тақырыпта түсініктемелер берді.

Жиналыс соңында  аталған бағытта бірлесе жұмыс атқару туралы сонымен қатар, ата-аналар белсенділігін арттыру мақсатында «Балалар түнгі қалада», «Заң және жасөспірім» және т.б. рейдттік шараларға,  құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына ата-аналардың қатысуын арттыру және ата-аналар кеңесін құру сияқты шешімдер қабылданды.

Осы бағытта өтетін спорттық, мәдениеттік және басқа да іс-шараларға, акцияларға ата-аналардың қатысуын жандандыру шешімдері де қабылданды.

24.11.2015