A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Медеу ауданының бәсекеге қабілетті 10 үздік мектебі «Медеу – 2020» атты байқауының салтанатты марапаттау кеші
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Медеу ауданының бәсекеге қабілетті 10 үздік мектебі «Медеу – 2020» атты байқауының салтанатты марапаттау кеші

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев атап өткендей бәсекеге қабілетті мемлекеттің басты элементі, ол салауатты өмірі, білімі мен мәдениеті жағынан ерекшеленетін бәсекеге қабілетті азаматтары.

Осы орай, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында және де Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында әр дәйім игі істің жаршысы болып жүретін Медеу ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы «Арнау» қоғамдық қорымен «Медеу ауданының бәсекеге қабілетті 10 үздік  мектебі «Медеу – 2020» атты байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты мен міндеті - Қазақстан жастарының бойындағы өзіндік қабілеттерін, лидерлік жеке қасиеттерін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Байқау 1-ші сәуір мен 15 мамыр аралығында 7-10 сынып оқушылары арасында өтті. Байқаудың тақырыбы «Алматы қаласының 1000 жылдығы» деп таңдалды. Жастар Бизнес, Инновация, Ғылым, Спорт және Денсаулық, Шығармашылық және Әлеуметтік белсенділік/жауапкершілік сынды номинация бойынша өз бақтарын сынады.

Аталған шараға 28 мемлекеттік және 4 жеке меншік мектеп қатысуға ниет білдірді.

«Ғылым» номинациясында 18 жоба ұсынылды;

«Инновация» номинациясында 10 жоба ұсынылды;

«Бизнес» номинациясында 18 жоба ұсынылды;

«Шығармашылық» номинациясында 75 жоба ұсынылды;

«Әлеуметтік белсенділік» номинациясында50 астам игі шаралар

«Спорт» номинациясындажеңіл атлетика, стритбол, шахмат және футболдан 26 мектеп сайысты.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 20 мамырында Оқушылар сарайының үлкен концерт залында «Медеу ауданының бәсекеге қабілетті 10 үздік  мектебі «Медеу – 2020» атты байқауының салтанатты марапаттау кеші өтті.

Шара барысында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев, Алматы қаласы Мәслихат депутаттары Ә.Нәбиев пен Е.Еркенбаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының орынбасары а.Халбеков және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты шарада қазылар алқасының мүшелері байқаудың номинациялары бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар, мақтау қағаздар және Гран приді табыстады.   Шара соңында қазылар алқасының төрағасы жеңіске жеткен Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясына байқау кубогын тапсырды.     

Бұл шара қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. 


23.05.2016