A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Голбол» спорттық секциясының тұсаукесері

2016 жылдың 20 мамыр күні Республикалық медициналық колледжінің спорт залында Медеу ауданы әкімі аппараты  «Жігер» қоғамдық ұйымымен, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы және Республикалық медициналық колледжімен бірлесе отырып, «Голбол» спорттық секциясының тұсаукесері өткізді.

Ойынды Алматы қаласының мәслихат депутаты Еркенбаев Ержан Мәлікұлы мен Медеуа ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Голбол» спорттық секциясының ашылудағымақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды тең және бақытты ету. Голбол ойынын насихаттау, сонымен қатар, зағип жандарды әлеуметтендіру және олардың арасында салауатты өмір салтын үгіттеу болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген мұқтаждары көп, әрі денсаулықтарына өте пайдалы, өмірге деген құштарлықтары артып, өсіп-өнуінде айтарлықтай үлкен рөл атқаратындығы дәлелденген. Соның ішінде, Голбол – зағип жандарға қолдау көрсету үшін 1946 жылы құрылған параолимпиадалық ойын түрі. Бұл ойын мүгедек жандарға интуиция қабілетінің артуына, қоршаған ортада бейімделуге, қозғалыс үйлесімділігін жаттықтыруға және зағип жандарға үлкен көмек көрсетеді. Қазіргі таңда Голбол ойыны әлем бойынша 74 мемлекетте ойнатылады.

Голбол ойының спорттық секциясы Алматы қаласы бойынша алғаш рет Медеу ауданында ашылады. Секцияның ашылуы – бұл ойынның Алматы шаһарында дамуына бастама болмақ.

Аталмыш ойынға 6 команда қатысып, командалар кубоктармен марапатталды.


23.05.2016