A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Пушкин және Шевченко» оқулары

2016 жылдың 20 мамыр күні Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Медеу ауданы әкімі аппаратымен бірлесе ұйымдастырылған славян халықтарының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин және Шевченко» оқулары атты мәдени іс-шара өтті.

Медеу ауданы әкімі аппараты мен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы консулдығының өкілдері, Украин мәдени орталығының мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтар жетекшілері, студент жастар мен оқушылар қатысты.

Қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, көпшіліктің славян халықтарының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне, сондай-ақ А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзиясына деген ықыласын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада Медеу ауданының № 4 гимназия оқушылары А.С.Пушкин мен Т.Г.Шевченко поэзияларын нақышына келтіре орындап, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.


20.05.2016