A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бос орындар жәрмеңкесі

2015 жылдың 19 қарашасында Медеу ауданы әкімінің аппараты мүмкіндігі шектеулі жандарға «Жұмыспен қамту - шексіз» атты бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Қазіргі таңда Медеу ауданында 3129 мүгедек адам тұрады, оның ішінде: 16 жасқа дейінгісі - 488 бала, 1 топтағы – 359 адам, 2 топтағы- 1391 адам және 3 топтағы – 891 адам.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  жолдауында. Қазақстан кедергісіз мемлекетке айналуы үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың  өмір сүру сапасын арттырып, оларға қамқор болуды атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету болып табылады.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін «Кедергісіз келешек» атты жобасының басты мақсаты: осы бағытқа бүкіл қоғамның, яғни мемлекеттік органдардың, өзін-өзі басқару органдарының, бизнес-құрылымдардың және қоғамдық бірлестіктердің күшін жұмылдыра отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру.


19.11.2015