2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының әкімі белсенді жастармен кездесті

2015 жылдың 18 қарашасы күні Медеу ауданының әкімі С. Мәкежанов ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Аталған шара бейресми, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылып, оған ауданда орналасқан жоғары оқу орындары мен орта арнайы білім беру ұйымдарының белсенді жастары қатысты.

Жүздесу барысында аудан басшысы мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті, білімді тұлға қалыптастыру екенін айта келе, жастар саясатын дамыту мәселесіне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Еркін форматта өткен жиын барысында белсенді жастар ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріндегі жастардың рөлін арттыру тақырыбында пікір алмастырып, көкейлеріндегі сұрақтарды ортаға салды.

Шара соңынды белсенді жастарға Медеу ауданы әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды. 

18.11.2015