A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан тапсыру – өзгеге өмір сыйлау

Адам ағзасындағы қанның атқаратын ролі орасан зор. Қан бұл ағзадағы зат алмасу жүйесін реттеп отырғандықтан онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес.

Қан - тіршіліктің тірегі. Қан болмаса, жан болмайды. Донордың берген қаны екінші бір адамды ажалдан арашалап қалады.

Осыған байланысты, 2015 жылы 18 маусымда Медеу ауданы әкімінің аппаратында «Донор күні» акциясы өтті.

Бұл акцияны Медеу ауданының әкімі аппаратымен бірге «республикалық қан орталығы» РҚКК-ы ұйымдастырды.

60-тан аса әкім аппаратының, медицина және білім беру мекемелері мен аудандық жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері медициналық тексеруден өткеннен соң, қан тапсырды.

Қан - адам ағзасындағы сұйық ткань, ол жүректің жұмысы арқылы адам денесін оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз ете отырып, көмірқышқыл газымен басқа да зиянды заттарды сыртқа шығаруға көмектеседі. Яғни адам ағзасындағы 5-6 литр шамасындағы қан қозғалысқа келіп, ол адам салмағының 7 пайызын құрайды. Адам ағзасына құйылған қан қансыраған адам қанының орнын толтырып, қан айналымын жақсартады, әрі қан қысымын қалпына келтіреді. Адам ағзасына оттегі тасиды, қанды тоқтатуға көмектесіп, дененің қорғаныс қабілетін күшейтеді, әртүрлі микробтармен күресуге сеп болады.

18.06.2015