2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт

2015 жылдың 15 желтоқсанында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Ұлы Дала туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты жиынға Медеу ауданының құрметті тұрғындары, қызмет басшылары және кәсіпорын қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері де қатысты. Бұл шарада филармония сахнасында Жәмила Баспақова, Салтанат Аман, Олег Никитин, Талғат Күзембаев сынды әншілер өздерінің ұмытылмас әндерін шырқады. 

Сонымен қатар, қонақтарды Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» ансамблінің, «Динар» тобының, «А-Элита» және «Аман» дуэттерінің әндері де баурап алды. Кешке жиналған қауым көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға  ықыласпен қол соқты.

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл қазақ елін мекендейтін халық үшін ұлы мереке.  Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, 24 жыл ішінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүниежүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып отыр. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық мемлекетімізді қоғамдық келісім орныққан, тұрақты дамудағы мемлекет ретінде танып отыр. 

15.12.2015