2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Халыққа жетімділігі мен әлеуметтік-маңызды азық-түліктерге деген бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, 2015 жылдың 14 қарашасында сағат 08.00 бастап, Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Алматы облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері бірлесіп, «Ғылым академиясы» РМК алаңында жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңке 50-ден астам ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен өтті және азық-түліктер саудадағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынылды.

Шара барысында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жәрмеңке қатысушыларына тегін ыстық түскі ас ұсынылды. Сонымен қатар, аталмыш жәрмеңке өз жалғасын тауып, әр аптаның демалыс күндері жұмыс істейтін болады.

Аудан аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшелерінің қиылысында «ЛайфТаун» СО жанында өтеді. Жәрмеңкеге 30-дан астам Алматы облысының ауылшаруашылық тауарөнімдері қатысады. Барлық тауарлардың сапасы жоғары. Аталмыш жәрмеңке апта сайын демалыс күндері өткізілетін болады. Азық-түліктер нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады. Сүт, ет, жеміс-жейдек және басқа да жоғары сапалы өнімдердің түрлері сатылатын болады. 

14.11.2015