2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы ақын Абайдың жаңартылған мүсіні бой көтерді

2015 жылдың 14 қарашасында, Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай,  Алматы қаласындағы Абай атындағы  Республикалық  мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта ұлы  ақынның  қайта жаңартылған мүсіні бой көтерді.

Алғаш 2006 жылы ақынға арналып жасалған ескерткіштің тұғырдағы бейнесі мектеп-интернат басшылығының бастамасымен бүгінде жаңаша келбетпен қайтадан жаңартылып отыр.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларына арналған заманауи  жабдықталған «Абай алаңы» деп аталатын жаңа спорт кешені де ашылды.

Бұл салтанатты рәсімге Алматы қаласы және Медеу ауданы әкімдігінің басшылығы, ҚР  Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Серік Пірәлиев, сондай-ақ, Мекемтас Мырзахмет, Мұрат Әуезов және тағы басқа белгілі қоғам  қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері  қатысты.

Еліміздегі білім кеңістігіндегі бірден бір қара шаңырағы, ұлттық  құндылықтарды ұстанған, 60 жылға жуық  тарихы бар, талай танымал  таланттарды түлеткен, үздіктер ғана оқитын үздік мектептің айтулы датаға орай ұйымдастырған салтанатты шарасы  ұрпақ пен ұлт болашағының кәдесіне жарары сөзсіз.

Ұлы ақынның қайта жағырған бейнетасы Абай өлеңдерімен сусындап, рухани  білім көкжиегін кеңейтіп жатқан жүздеген талантты шәкірттердің   рухын асқақтатып, қанат бітіре  түсті.

14.11.2015