A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мектеп – есірткісіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел

2016 жылы 12 мамырда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  Медеу ауданы мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралықШтабымен (әрі қарай Штаб), «Выбор» психологиялық - алдын алу орталығымен, ҚДӘСНО нарколог-дәрігерімен, орта білім беру мектептерінің психологтарымен, оқу ісінің меңгерушілерімен сонымен қатар Оқушылар сарайы және №5 Оқушылар үйінің өкілдерімен «Мектеп – есірткісіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыс барысында  мектеп психологтары оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы материалдар көрсетті.

Оқушылар сарайы мен № 5 Оқушылар үйінің өкілдері жазғы демалыс кезінде жұмыс істейтін үйірмелер туралы айтты, сондай-ақ дөңгелек үстел қатысушыларымен «Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күніне» арналған іс шаралар өткізу туралы ұсыныстар берілді.

Отырыс соңында Штаб төрайымы мектеп психологтарының атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды жасап және Штабтың жұмысын әрі қарай жақсарту мақсатында тиісті тапсырмалар берді.


12.05.2016