2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Оңай» жол жүру картасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2015 жылы 11 желтоқсанда Республикалық медицина колледжінің мәжіліс залында Медеу ауданы әкімі аппараты мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен, «Алматы қаласы Транспорт холдингі» ЖШС-нің өкілдері аудандағы зейнеткерлермен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында холдинг өкілдері қатысушыларға «Оңай» жаңа жол жүру картасымен таныстырып, оны пайдалану және толтыру ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, жеңілдік қарастырылған азаматтар (зейнеткерлер, студенттер, мүгедек жандар және мектеп оқушылары) жол картасын 2016 жылдың 11қаңтарына дейін тегін алатынын, одан ары қарай жол жүру картасы болмаған жағдайда айыппұл салынатындығын да хабарлады.

Кездесу кезінде зейнеткерлер тарапынан  түрлі сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Бүгінгі күні Медеу ауданында «Оңай» жол картасы шамамен 15000 зейнеткерге рәсімделіп отыр. Рәсімдеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.

11.12.2015