2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • №47 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

№47 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

Алматы қаласы Медеу ауданы №47 жалпы білім беретін мектепте педагогикалық жиналыс өткізілді. Жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауы ұстаздар арасында қызу талданды. Мектеп директоры К.У.Битаева сөйлеп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс- жоспарға құрылған тарихи құжат екенін айта келіп, осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынғанын, сонымен қатар білім саласына айрықша көңіл бөлінгені жайлы айта келіп, Елбасының ұстаздарға жасап отырған қамқорлығының шексіз екеніне тоқталды.

Тарих пәнінің мұғалімі Б.М.Баденова Жолдауда білім саласы туралы Президентіміздің бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, ұжым жиналысында тарих пәнінің мұғалімі С.Сүлеев сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауының Қазақстан халқы үшін маңызының зор екеніне тоқталып, кең түрде баяндап берді. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағы салынды. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтады. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 процентке дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады», - сөзін аяқтады.

Ал тәрбие ісінің меңгерушісі К.А. Сопбекова өз сөзінде: «Елбасымыз айтқандай қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямызда көрсетілгендей барлығын жеңуге болатын, біздің жеңе алатын бөгеттеріміз бізге кедергі болмайды деп ойлаймын. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз деген сенімдемін», - деді сөз соңында.

11.12.2015