2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Әрқашан көмек қолын созатын жандар

Медеу ауданында жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін №4 бөлімшесінде қамқорлыққа алынған 334 жанға қызмет көрсетіледі: оның ішінде, ҰОС мүгедегі - 3, ҰОС қатысушы - 5, 5 жесір, 1 ҰОС қатысушыға теңестірілген адам, 188 еңбек майдангері, 10 - 1 топтағы мүгедектер, 2 топтағы мүгедектер 17 адам, 3 топтағылар саны 2 адам, 102-сі - жасы бойынша зейнеткерлер.   

Оларға әлеуметтік жұмыс бойынша 50 қызметкер қызмет көрсетеді. Жоғары білімді 32 маман, арнаулы орта білімді 12 және орта білімді 6 қызметкер.

Әлеуметтік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау cаласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгісіне» сәйкес орындалады: әлеуметтік жәрдемақысын ресімдеу, медициналық мекемелердің стационарына алып бару, азық-түлік тамақтары мен дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізіп беру, айына екі рет қамқорлыққа алынған тұлғаның үйіне дымқылдап тазалау жұмыстарын жүргізу, үй шаруасына көмектесу, тамақ дайындауға жәрдемдесу, сұхбаттасу, қолдау және басқалар. Қарттар, жалғыз бастылар, денсаулықтары жоқ адамдар үшін - бұл басты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бөлігі.   

Әлеуметтік қызметкерлердің 60% бұл салада 5 жылдан аса және одан да көп жыл еңбек еткендер. Жұмыс уақыттарында өз қамқорлықтарына алған тұлғалардың жақыны мен туғандарындай болып кетеді. Әрине бұл олардың жұмыстарының басты нәтижесі.  Ең бастысы адамдар өздерін жалғыз сезінбейді.

Жасаған еңбектері үшін өз аттарына алғыс сөздер естіген қандай жақсы! Олардың жасаған жақсылықтары мен еткен еңбектері жылы сөздермен, шын жүректен айтылған тілектерімен, көңілден айтылған ниеттермен және де өздері шығарған өлеңдерімен қайтып отырады.

10.12.2015