2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Исмаиль Абзы» кітабының тұсау кесері

2015 жылы 10 қарашасында Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, медеу ауданы 31 сайлау учаскесі бойынша ІІ, ІІІ, ІV шақырылымының Алматы қаласы маслихат депутаты, «Ильдаш» татар орталығының негізін қалаушысы және басшысы  Исмагиль Лутфуллоұлы Шариповтың 80 жылдығы мен еске алуға арналған  «Исмаиль Абзы» кітабының тұсау кесері болып өтті. 

Шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Алматы қаласы Маслихат депутаттары, «Медеу ауданы қоғамдық денсаулық комитеті» ҚБ, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жарасым» РМБ өкілдері, туыстары, достары қатысты. 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырған: Алматы қаласы маслихаты, Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы, Медеу ауданы әкім аппараты, «Ильдаш» татар орталығы және «Медеу ауданы қоғамдық денсаулық комитеті» ҚБ. 

Исмаиыл Абзы жайында естеліктермен Алматы қаласы маслихатының хатшысы Қ.Қазанбаев, Орталық мешіттің бас имамы Н.Есмағамбетов, кітапты құрастырушы Т.Ізмұханбетов, Медеу ауданы әкім орынбасарының м.а. Ж.Досанова және басқалар сөз сөйледі.

Бұл кітапта депутат И.Л.Шариповтың күнделікті, қиын және сан қырлы жергілікті өкілетті ұйымдардың қызметі, жергілікті басқару және өзін өзі басқаруды жетілдірудегі тағылымы көрсетілген.   

Сондай-ақ, кітапта мемлекеттік үкімет, депутаттар, қоғамдық қайраткерлер, достары мен жақындары Исмагиль Лутфуллоұлы Шариповтың еңбексүйгіштігі, қызметіндегі мақсаткерлігі, адамдарға деген қайырымдылығы мен қарым-қатынасы жайлы  әңгімелейді.

Дөңгелек үстел соңында И.А.Шариповтың өмірі жайлы фильм көрсетілді.

10.11.2015