2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ресей Сбербанк» ұжымы ҰОС 100 ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

«Ресей Сбербанк» ұжымы ҰОС 100 ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының 100 ардагері «Ресей Сбербанкінен» Жаңа жылдық сыйлық алды.

    2016 жылы 23 желтоқсанда №12 мектеп-гимназиясының акт залында «Ресей Сбербанкі» өкілдері Медеу ауданы әкім аппаратының қызметкерлерімен бірлесе, аудандағы ҰОС ардагерлері мен тыл майдангерлеріне 20 мың теңгеден тұратын конверт табыстады.

    Қазіргі уақытта Медеу ауданында 26 286 зейнеткер, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 93 ардагер мен мүгедек, 3 053 тыл майдангері тіркелген. 

      - Жаңа жыл бұл ерекше мереке. Сондықтан да Жаңа жылға қарсы шағын тосын сый жасау қажетті. Меніңше, бұл қарттарымызға ерекше көңіл бөлетін жақсы бір мүмкіндік», – деп сөз алды «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Татьяна Федоровна Нифонтова.

      - «Сбербанк» барлық бағытта – біздің ардагерлерімізге үнемі көмек қолын созып отырған өте жауапты банк. Ардагерлерді «Сбербанк» жыл сайын құттықтап келеді. 2013 жылдан бастап, банк 9 мамыр мен Жаңа жылда әр 100 ҰОС қатысқан ардагерлерге 20 мың теңгеден сыйлық беріп келеді. Біз өз тарапымыздан мұндай жақсы бастамалардан шеттеп қала алмаймыз және әрқашан «Сбербанктың» әлеуметтік бағыттардағы акцияларын қолдаймыз. Сондықтан да, ардагерлерімізге көңіл бөліп отырғандары үшін Ардагерлер кеңесі атынан және аудан әкімі аппараты атынан банк ұжымына алғыс айтқым келеді», - деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбайұлы Серікбаев.

      Сондай-ақ, шара барысында әндер  айтылып, жылы лебіздер тыңдалды. 


23.12.2016