A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара

«Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара

2018 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай  «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға көп балалы аналар, соғыс және еңбек ардагерлерінің жұбайлары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері,соғысқа қатысушылардың жесірлері, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарының, өнеркәсіп кәсіпорындарының әйел басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан әйел азаматшалар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ  ел экономикасының түрлі салаларының дамуына елеулі үлес  қосқан 700-ге жуық аяулы жандар шақырылды.

Мерекелік іс-шарада нәзік жандарға Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған  бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан әйел-азаматшаларға грамоталар табыстады.

06.03.2018