A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкімнің тұрғындармен есептік кездесуі

Әкімнің тұрғындармен есептік кездесуі

    Қаңтар айы – әкімдердің аймақ тұрғындарымен кездесіп, атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, болашақтың жоспарлары туралы айтылатын және қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін есептік кездесулер айы.

    2019 жылы 31 қаңтарда аудан әкімі Ержан Жылқыбаев «Думан» ықшам ауданы тұрғындарына есеп берді. Шараға қалалық маслихаттың депутаттары Е.Еркінбаев пен Б.Садықов, аудан құрылымдары мен қызметтерінің басшылары және «Думан» ы/а тұрғындары қатысты.

    «Думан» ықшам ауданының тұрғындары округтегі көріктендіруге байланысты сұрақтарды, оның ішінде жолдарды асфальттау мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, ауызсу мәселелерін қозғады. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің төлемі туралы да сөз көтерді.

    Шара соңында думандықтар аудандағы көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстарға алғыстарын айтты.

31.01.2019