A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы Алатау шағын ауданының тұрғындары «Наурыз» мейрамын атап өтті

Алматы қаласының Медеу ауданында «Қазақ хандығына 550 жыл» ұранымен «Наурыз» мейрамын мерекелеудің аясындағы мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табуда.

2015 жылдың 3-ші сәуірі күні Медеу ауданына қарасты Алатау шағын ауданынының тұрғындары Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті.

Мерекеге ауған, түрік, татар, қырғыз мәдени орталықтарының өкілдері қатысты және салт-дәстүрге сәйкес 150 түп алма ағаш отырғызылды. Елді мекен тұрғындарына наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар таратылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары шағын аудан тұрғындары мен қонақтарына ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


07.04.2015