2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық бизнес университетінде семинарлар өтті

Қазіргі кезде нашақорлық жастар арасында күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Адамдар есірткі заттарынан өткір сезімге бой алдырып, құтылу жолдарын іздегенмен, өздерінің оған тәуелді болғанын сезбей де қалып жатады.

Нашақорлықтың алдын алу тәсілдерімен, осындай келеңсіздіктерден жастарды қорғау – бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

2015 жылдың 3 және 6 қараша аралығында Халықаралық бизнес университетінде Медеу ауданының нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі штабы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қалалық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері А.А.Любушкинмен бірлесіп семинар өткізді.

Семинарға осы оқу орнының 1-2 курс студенттері қатысып, дәрігер-наркологтармен лекциялар оқылып және есірткінің, ішімдіктің зияндары туралы бейне материалдар көрсетілді. Студент-жастар ішімдік пен есірткі, «Спайс» атауымен аталатын тыйым салынған таблеткалар туралы сұрақтар қойды. Олардың зияны туралы мәліметтер берілді.  

Жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерде  нашақорлықтың зияны жөніндегі осындай оқулар студенттер мен оқушыларға өз нәтижесін береді деп сенеміз. 

06.11.2015