A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2015 жылдың 5 сәуірінде Мақатаев көшесінің бойында Есенов пен Пушкин көшелерінің ортасында «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының ұйымдастыруымен және аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, Жұмыспен қамту орталығының Медеу аудандық бөлімінің қолдауымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінің мақсаты – Елбасымыздың алға қойған саясатын дамыту және жұмыссыздар, жоғарғы және орта оқу орындарының түлектері мен студенттері, өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтарды жұмысқа орналасуына қолдау көрсету болып табылады.

Аталған жәрмеңкеге 15 кәсіпорын - №1 қалалық емхана, «Рамстор Казахстан» ЖШС, «Дастархан» ЖШС, «Хоум Кредит Банк» АҚ, «Срочно требуется» газеті «№ 100 бөбекжай балабақшасы» т.б мекемелер қатысып, өздерінің 150-ден астам бос жұмыс орындарын халыққа ұсынды.

«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесіне 150-ден астам адам қатысып, өз түйіндемелерін жұмыс берушілерге тапсырды.

06.04.2015