A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топпен кездесу
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топпен кездесу

2015 жылы 2 сәуірде Қазақ-неміс университетінде 3-4 курс студенттері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топпен кездесті. Кездесуге оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 

Шараны университет ректоры О.Московченко ашты. Ұстаз, ағартушы және бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Т.Ізмұханбетов өз сөзінде медицина қызметтерінің сапасын күшейту, отандық мамандардың деңгейін көтеру және еліміздегі демографиялық жағдайға көңіл бөлу болып табылатын денсаулық саласында мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттігін және Президент Жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыру үшін жастардың ойлау қалпын өзгерту қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақ-неміс университеті жанындағы халықаралық және аумақтық серіктестік институтының директоры Б.Сұлтанов өз сөзінде, бүгінгі әлемдік экономикадағы қарсылықтарды және Қазақстан экономикасына арналған «өсім нүктесін» сөз етті. Спикер Жолдаудағы бірінші басымдылықты - Қазақстанның жақын мемлекеттермен ықпалдастығына негізделген логистикалық коммуникацияны дамытуды белгілеп көрсетті.


02.04.2015