A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспасөз-баян

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде сағат 10.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференция Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру көрме жобасының аясында ұйымдастырылады. Шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі.

Конференция барысында қатысушылар Мемлекет басшысының көшбасшылық феноменін, оның қоғамның тұрақты дамуындағы, елдің жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жаңғыруындағы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін реформалаудағы рөлін талқылайды.

Шара Мемлекет тарихы институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаты, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, жоғары оқу орындардың ректорлары мен профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, саяси жаңғыру мен әлеуметтік-саяси қатынастар саласындағы саяси сарапшылардың қатысуымен өтеді.

Шараның ашылу рәсімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Пиккат Криста және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсан Әлімбай сөз сөйлейді.

Шараның модераторлары – Елбасы кітапханасы директорының орынбасарлары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов және тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова.

Сағат 15.00-де «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасының жүзеге асырылуын келесі шаралар жалғастырады:

– «Рухани сананы жаңғыртудағы музей, мұрағат, кітапханалардың рөлі» ғылыми-тәжірибелік семинары;

– «Рухани сананы жаңғырту: кітапхана және мұрағат қызметтерінің өзекті мәселелері» дөңгелек үстелінде тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуде мәдени-ағартушылық орталықтар ретіндегі кітапхана мен мұрағаттың рөлі, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын Қазақстан мәдениетін жаңғыртудың стратегиялық факторы ретінде жүзеге асыру, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыруда кітапхана мен мұрағаттың әлеуетін қолдану, жаңа қазақстандық патриотизм, Елбасының өмірі мен саяси тәжірибесінің мысалында азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі, «Мәңгілік Ел» ұрпағы – қазақстандық ұлыстардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда кітапхана мен мұрағаттың рөлі талданады.

– «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жұмыс тәжірибесінен) семинарының тыңдаушылары «Елбасытану» элективті курсымен танысады және «Лидерлік қасиетті дамыту» семинар-тренингіне қатысады. Семинар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өтеді.

09.11.2017