A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29 округте ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті

29 округте ауданы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті

     2018 жылы 19 қаңтарда Оқушылар сарайында 29 округ тұрғындары алдында аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге аудан қызметтері мен мекемелерінің басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

     Аудан әкімі Е.Жылқыбаев тұрғындар алдына шығып, өткен жылдың атқарылған жұмыстарының қорытындыларымен таныстыруды жалғастырды.

«Баршаңызға мәлім күні кеше ғана, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің "ТӨРТІНШІ ӨНЕРКƏСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ АТТЫ" халыққа Жолдауын жария етті.
Аталған Жолдау еліміздің дамуының даңғыл жолын, кемел келешегін айқындайтын стратегиялық маңызы бар 10 нақты бағыттан құралған.

Осылайша, алдағы уақытта барлық бастамаларымыздың қадамы Жолдауда айтылған 10 бағытқа негізделетін болады.

Президентіміздің алға қойған мақсаттарын орындауда еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие Алматының оның ішінде Медеу ауданының қосар үлесі мол»,- деді аудан басшысы.

Кездесу барысында жиынға қатысқан аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойды. Балалар алаңын жөндеу, кәріз жолдары, көлік транспорты және бұзылуға кететін үйлер және басқа да мәселелер көтерілді.

         Кездесу барысында қойылған тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер аудан басшысының өз бақылауына алынды.

19.01.2018