A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бақытты отбасы – бақытты мемлекет»

                           «Бақытты отбасы – бақытты мемлекет»

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес жыл сайын 25 қараша «Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жою күніне орай отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында 2018 жылы 29 қарашада Алматы қаласы Оқушылар   сарайында 5-10 сыныптар арасында «Бақытты отбасы - бақытты мемлекет!» тақырыбына сурет және шығарма байқауы ұйымдастырылды.

            Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Яғни тәрбиелі отбасында тәлімді көрген, жадында тоқыған бала, тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, келешегі кемел, болашағы жарқын есті ұрпақ болып өсері сөзсіз.

Аталған іс- шараға Алматы қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан   қорғау   тобының аға инспекторы полиция   майоры Абылқасымова А.Б., Медеу   ауданы Жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан   қорғау   тобының   инспекторы полиция капитаны Сламджанова Л, М., Медеу ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері отбасы- демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Жахангерқызы Л, оқушылар сарайы директорының   тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары Садықова С.А және оқушылар сарайының мұғалімдері қатысты.

    «Бақытты отбасы - бақытты мемлекет!» тақырыбындағы сурет байқауында I орынды 6- сынып оқушысы Коверина Виктория, 5- сынып оқушысы Юсифли Селин, II орынды 6 -сынып оқушысы Әзім Қарақат,     5- сынып оқушысы   Петровская Александра, III орынды 8- сынып оқушысы   Савина Дарья, 2- сынып оқушысы Дарибай А.З иеленсе, шығарма   байқауында    I орынды 6- сынып оқушысы Кудайкулова Камилла, 10- сынып оқушысы Сырова Камиилла, II- орынды 5 -сынып оқушысы Егорченко Анжела, 10 - сынып оқушысы Халиулина Камила,    III орынды 6- сынып оқушысы - Амиржакупова Арина және 9- сынып оқушысы   Шегенбаева Томирис жүлделі орындарға ие болып Алматы   қаласы Медеу ауданы ПБ басшысының және Алматы   қаласы Медеу   ауданы әкімдігі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

29.11.2018