A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда ҰОС ардагерлеріне мерекелік түскі ас берілді

Ауданда ҰОС ардагерлеріне мерекелік түскі ас берілді

    1945 жылдың 9 мамыры тарихта мәңгі есте қалатын бейбітшілік күні, ұлттар мен халықтардың азаттық пен тәуелсіздік мерекесі. Бұл соғыста Жеңіске жетуде Қазақстан елеулі орын алды. Жүз мыңнан астам жерлестеріміз орден және медальдармен марапатталып, бес жүз қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағына ие болған.

     2018 жылы 4 мамырда «Палладиум» мейрамханасында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай, Медеу ауданы әкімі аппараты аудандық Ардагерлер Кеңесімен бірлесе, қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған ҰОС ардагерлеріне мерекелік түскі ас берді.

     Осы мереке аясында ауданымыздың 100 ардагеріне құрмет көрсетіліп, Жеңіс күнімен құттықталды.

04.05.2018