A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Нашақорлықпен<br />күрес НАШАҚОРЛЫҚПЕН
КҮРЕС



Ведомствоаралық штабтың кезекті жиналысы


2016 жылы 29 наурызда Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында 1-тоқсан бойынша Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралықштабының кезекті жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде: аудан медициналық ұйымының 2016 жылдың 1-тоқсанында нашақорлықты алдын алу және нашақорлықпен күресу бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен 2016 жылдың 1-тоқсанында  нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс нәтижелері қаралды.

Комиссия жиналысына Қалалық медициналық наркологиялық әлеуметтік-сауықтыру орталығының (ҚДӘСНМО) бас дәрігері мен аудан емханаларының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында ҚМНӘСО мен аудан медициналық ұйымының нашақорлық, алкоголизм және туберкулездың алдын алуға бағытталған қарым-қатынастары бойынша сұрақтар қарастырылды.

Сонымен қатар, Ішкі істер басқармасымен  емдеуден және дәрігерде қаралудан бас тартатындар азаматтарды ҚДӘСНМО-ға жеткізу туралы сұрақтар талқыланды.

Жиналыс нәтижесінде нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жұмысты күшейту үшін тапсырмалар берілді.

Штабпен атқарылатын жұмыстардың барлығы, бұдан былай, аудан әкімінің интернет-ресурсында аудан тұрғындарына мәлімдеу үшін  орналыстыратын болады.