A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Бос орындар
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс
туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін:жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-3

102 436

138 248

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66, e-mail: а.nurmanbetova@almaty.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

           

1. Қаржы - шаруашылық бөлімінің басшысы, (санаты Е-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Жалпы бөлімге басшылық етеді; бөлімге жүктелен міндеттердің орындалуына жауапты; бөлім жұмысын жоспарлайды; бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді белгілейді; бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік міндеттерінің орындалуын тиісті түрде қаматамасыз етеді; азаматтардан бөлімге келіп түскен өтініштерінің қарастырылуын бақылайды; аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарларына қол қоюға жіберер алдында, құжаттарды тексеріп, оларға қол қояды; барлық бөлім жұмысының атқарылуына жауапты; шығын сметасын құрастырылуына және орындалуына жауапты, бюджеттік шығындардың есебін жүргізу; нақты шығындардың есебін құрастыру; бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізу; банктік операцияларды жүргізу; тауарларды – материалдық құндылықтардың сақталуына қамтамасыз ету; аппарат қызметшілеріне жалақы есептеуді жүргізу; бухгалтерлік есепті және шаруашылық іс – әрекетті жүргізу; бухгалтерлік есептердің апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық ақпаратын ұсыну; жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; Азаматтарды күнделікті қабылдау. Тиісті есептік жыл аяқталғаннан кейін немесе мекеменің құрылымдық бөлімшелері жойылып немесе қайта құрылған жағдайда аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатқа құжаттардың дер кезінде тапсырылуын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласында жоғары білім.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)                 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)                 Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрме­лерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-ге(Алматы қаласы, Пушкин көшесі 72, 313 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-де әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.