A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Негізгі бет
  • Бос орындар
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос орындар БОС ОРЫНДАР



Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс
туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-1 санаты үшін:жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

           Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-3

150 740

203 208

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72, анықтама үшін телефондар: 291-67-66, e-mail: sh.imirov@almaty.gov.kz,www.medeu.almaty.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, (санаты Е-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Аудан әкімінің көріктендіру және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру, сәулет және қала құрылысын дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану, коммуналдық – тұрғын-үй реформасын және тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру,  төтенше жағдай кезінде құрылымдық бөлімшелердің және арнайы қызметтердің жұмыстарын ұйымдастыру, аудан әкімінің алдында өзіне жүктелген міндеттері үшін жауапкершілік жүктеледі, аудандағы құрылған комиссияларды басқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында жоғары білім. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)                 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)                 Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрме­лерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-ге(Алматы қаласы, Пушкин көшесі 72, 313 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі аппараты» КММ-де әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.